«Кеудесін аспанға тіреп жүреді»: Ақбота Керімбекова әнші Нұрболат Абдуллин туралы қатты айтты
Белгілі әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллин туралы ашық пікір айтып, оның әншілік қабілетін мойындағанымен, адамдық қарым-қатынаста сыйлай алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол өнердегі кейбір әріптестерінің кеудесін керіп, қарапайым амандасудан қашатынын меңзеп, Нұрболатты да сол қатарға қосатынын жасырмады.
«Оның әншілігін жоққа шығармаймын, өзіндік даусы бар, үні бар. Бірақ қатты сыйлаймын деп айта алмаймын ол баланы. Көрсе, өзі де түсінер» дейді әнші.
Ақбота Керімбекова кейбір әріптестерінің атақпен бірге тәкаппарлыққа да бой алдыратынын атап өтті.
«Себебі бізде бір жарқырап шыққандар, кеудесін аспанға тіреп жүреді. Өмір бақи солай жүретін адам сияқты. Қасыңда тұрып амандаспай кететін әншілер бар, көріп тұрып көрмегенсіп» деп түсіндірді ол.
Әнші бұл пікірін Нұрболат Абдуллинге де бетпе-бет айтқанын жасырмады.
«Иә, Нұрболатты да солардың қатарына қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын. Әнші деген барынша қарапайым болуы керек қой...» деді Керімбекова.
Соңғы жаңалықтар