«Кейде сырласуға білімім жетпейтін сияқты»: Дастан Оразбеков жұбайын әбден мақтады

«Кейде сырласуға білімім жетпейтін сияқты»: Дастан Оразбеков жұбайын әбден мақтады
02.03.2025 19:05
0
49

Бұрынғы ORDA тобының әншісі Дархан Оразбеков Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында әйелінің жақсы қасиеттерін сөз етіп, мақтады.

«Мен әйелімді өзіне не керегін нақты білетіндіктен қатты құрметтеймін. Онымен санасу керек. Талғамы бар адам. Беталды әр жерге шапқылап жүре беретін адам емес. Бетке тік айтады», – деді әнші.

Әйелінің тағы бір жақсы қасиеті ретінде ол оның білімін ерекше атап өтті. 

«Талқылайтын дүние көп. Кейде менің білімім жетік емес шығар деген ойға да келем. Әлде де талқылар тақырыбымыз көп болар ма еді?! Дегенмен, менің ойымша, екеуіміздің тәжірибеміз екі бөлек, сол екі әлем қосылып, біздің қарым-қатынасымыз құралатын сияқты», – деді Оразбеков.

Жанат Оразбекова Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ-ді бітіріп, техникалық маман иесі атанған екен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий