«Кім берді балаң ба, махаббатың ба?»: Айгерім Қалаубаева бір құшақ гүлмен жұртты ойландырды

26.12.2025 10:40 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Кім берді балаң ба, махаббатың ба?»: Айгерім Қалаубаева бір құшақ гүлмен жұртты ойландырды
0
65
Коллаж: Politico.kz

Әнші Айгерім Қалаубаева әлеуметтік желіде бір құшақ қызыл гүл ұстап түскен видеосын жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Politico.kz

Құшағына сыймай тұрған әдемі гүл шоғымен көзге түскен өнер иесі жазба астына: «Махаббат – сөзбен емес, іспен дәлелденеді» деп жазып қалдырған. Алайда бұл жазба оқырмандар арасында түрлі сұрақ пен болжам тудырды. Желідегілер гүлді кім сыйлағанын қызу талқылап, әртүрлі пікір білдіріп жатыр.

«Кім берді? Балаң ба, махаббатың ба?», «Нұрлан Әлімжанов берген шығар, сол кісімен махаббат болып жүр еді ғой», «Нұрлан қайда? Қызғанып жібермей жүр ме екен», «Қазір біреудің байы гүл сыйласа таңғалмайсың, мода болып кеткен»,- деді желі қолданушылары.

Айгерім Қалаубаева әзірге бұл гүлдердің кімнен екенін нақтыламады. Соған қарамастан, өнер иесінің жазбасы желіде қызу талқыға түсіп, көпшіліктің қызығушылығын оятты. Әншінің әрбір қадамы мен жеке өміріне қатысты ишарасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалмай келетіні тағы бір мәрте дәлелденді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий