Кімдердің несие төлемдері кейінге шегерілмек?

Кімдердің несие төлемдері кейінге шегерілмек?
14.07.2025 12:39
0
192
pixabay.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтарға қаржылық жеңілдік жасау мақсатында микрокредит беру және банк несиесі шарттарына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл бастама “Ашық НҚА” порталында жарияланып, құжат жобасы халықтың пікіріне ұсынылды. Жаңа ережеге сәйкес, әлеуметтік осал топтарға және төтенше жағдайдан зардап шеккендерге кредит төлеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, қарыз алушының табысы азайғаны құжатпен расталса, кемінде үш ай мерзімге комиссиясыз төлемді шегеру міндеті белгіленеді. Бұған қоса, борышты өтеу мүмкіндігін шектейтін өмірлік жағдайларға байланысты қарыз алушыдан қандай құжаттар талап етілетіні нақты айқындалып, бұл құжаттардың толық тізімі қосымша ретінде көрсетіледі.

Бұл өзгерістердің мақсаты — проблемалық берешек мәселелерін шешу тетіктерін жетілдіру, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының борышкер өтініштерін қарау рәсімдерін ашық әрі бірізді ету.

Құжат жобасы 24 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылған, сондықтан барлық қазақстандықтар осы күнге дейін өз пікірлерін білдіре алады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий