«Кінәні мойындау ғана жеткіліксіз»: Сәрсемалиев ісіндегі судья соттың неге ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді

25.06.2026 11:45 Мөлдір ҚАЙНАР
«Кінәні мойындау ғана жеткіліксіз»: Сәрсемалиев ісіндегі судья соттың неге ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді
246
Фото: коллаж POLITICO.KZ\

Атырау облысында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты істі қарап жатқан судья Зарема Хамидуллина сот процесінің неге ұзаққа созылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Kursiva.media сайтының жаузынша, айыпталушы өз кінәсін толық мойындағанымен, бұл бірден үкім шығаруға жеткілікті негіз бола алмайды.

"Конституцияға сәйкес, сотталушының кінәсін мойындауы оның кінәлі деп танылуына және үкім шығаруға жеткіліксіз. Іс бойынша жиналған барлық дәлел сот отырысында толық зерттелуі тиіс. Егер қандай да бір дәлел сотта қаралмаса, үкім шығару кезінде оған сүйенуге болмайды", – деді судья  Зарема Хамидуллина.

Оның сөзінше, дәлелдемелер қатарына айыпталушының жауабы, куәлардың айғақтары, бейнежазбалар және басқа да материалдар кіреді.

Судьяның айтуынша, кейбір қылмыстық істерде ондаған бейнежазба болады, ал олардың әрқайсысын қарау бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.

"Егер дәлелдер зерттелмесе, тараптар сот жарыссөзінде де оларға сілтеме жасай алмайды. Сондықтан барлық материалды жан-жақты зерделеу уақытты талап етеді", – деді ол.

Судья соттың міндеті тек айыпталушының кінәсін мойындағанын тіркеу емес, істің барлық мән-жайын объективті түрде анықтау екенін атап өтті. Оның ішінде қылмыстың жасалу себептері мен оған түрткі болған жағдайлар да жан-жақты зерттелетінін айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий