«Кішкентай қыздан 1,5 млн сұраған»: Актер Жан Байжанбаевқа қатысты шу шықты

«Кішкентай қыздан 1,5 млн сұраған»: Актер Жан Байжанбаевқа қатысты шу шықты
15.08.2025 10:54
0
193
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстандық әйел киномектеп 15 жастағы қызына актер Жан Байжанбаевпен бірге фильмге түсуге мүмкіндік ұсынып, бұл үшін 1,5 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

«Жетінші арна» мәліметінше, кастинг кезінде менеджерлер ата-аналарға қысым көрсетіп, «қазір және осы жерде» қатысу ақысын төлеуді талап еткен.

Оқиға әлеуметтік желіде тараған соң, өзге де ата-аналар ұқсас тәжірибелерімен бөлісіп, балаларға киноға түсуге уәде беріліп, орнына қомақты қаржы сұралғанын мәлімдеді.

Актер Санжар Мәди бұл әрекеттерді алаяқтық деп бағалап, «Рөл алу үшін ешқашан ақша төлемеңіздер» деп ескертті.

Жұлдыздардың менеджерлері белгілі актерлердің түсірілімге қатысқанын растағанымен, оқыту мен бағаға студия жауапты екенін атап өтті.

Ал режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов мұндай жағдайда күмәнді келісімдерге келетін ата-аналардың да белгілі бір деңгейде жауапкершілік көтеретінін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий