«Клиникада – тіс, жертөледе – ән»: стоматологтың жасырын шығармашылық әлемі

18.12.2025 12:41 Айсұлу Мұрат
«Клиникада – тіс, жертөледе – ән»: стоматологтың жасырын шығармашылық әлемі
303
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Qazaqstan Ұлттық телеарнасының «1001 түн» бағдарламасында стоматолог әрі әнші Абзал Өтешов қонақ болып, өнерге деген жасырын махаббаты жайлы ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бағдарлама барысында ол көпшілікке күтпеген жайтты бөлісті. Абзалдың айтуынша, өзі жұмыс істейтін стоматологиялық клиниканың жертөлесінде шағын ән жазатын студиясы бар.

"Клиниканың жертөлесінде ән жазатын студиям бар. Бірақ әкем бұл туралы білмейді. Әкем өнер жолына қарсы болды. Соған қарамастан, ішімдегі шығармашылықты тұншықтыра алмадым", – дейді ол.

Абзал Өтешов үшін өнер – жай әуестік емес, жанның тынысы. Ол кәсіби әнші болмаса да, музыкамен айналысу арқылы рухани күш алатынын жеткізді. Әсіресе, танымал өнер иелерінің қолдауы оның жігерін арттырады екен.

"Өнердегі Мейрамбек Беспаев сияқты аға буын әншілер қолдау білдірсе, қатты қуанып қаламын. Шығармашыл адамға тыңдарманның ықыласы өте маңызды. Сол ықылас арқылы алға ұмтыламыз", – деді әнші.

Бағдарлама көрермендері екі түрлі мамандықты қатар алып жүрген Абзалдың табандылығы мен батылдығын жоғары бағалап, оның өнер жолынан қол үзбеуіне тілек білдірді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий