Көкшетауда колледж жатақханасында студенттің мәйіті табылды

01.11.2025 08:33 Мөлдір Талғат
Көкшетауда колледж жатақханасында студенттің мәйіті табылды
0
247
Ашық дереккөз

Көкшетаудағы колледж жатақханасында 16 жастағы студенттің мәйітінің табылуы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, бозбаланың денесін кураторы жатақханадағы дәретханадан тауып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу жеткенімен, дәрігерлер жасөспірімнің өмірін сақтап қала алмады.

Ақмола облысының полиция департаменті бұл жағдайға байланысты ресми түсініктеме берді.

“2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға қылмыстық сипатқа ие емес. Қазіргі таңда өлімнің нақты себебі мен мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген полицияның хабарламасында.

Құзырлы орган өкілдері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий