Көлік терезесінен қол, бас шығарған азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін

Көлік терезесінен қол, бас шығарған азаматтарға айыппұл салынуы мүмкін
30.06.2025 13:18
0
42
Depositphotos.com

Жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгілді, деп хабарлады POLITICO.KZ 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Жаңа заңға сәйкес, көлік терезесінен қолды шығарған азаматтарға айыппұл салу көзделген. Дегенмен, бұл жаңашылдық қоғамда қызу талқыға түсті. Кейбіреулер бұл талапты орынсыз десе, енді бірі жол ережесі сақталу керек деп санайды. 

Полицейлердің мәліметінше, егер жүргізуішінің шынтағы дәл осылай шығып тұрса, бұл заңбұзушылық болып есептелмейді. Ал егер көліктен басын немесе денесін жарылай шығарса азаматқа хаттама толтырылып, 40 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.  Айта кетейік, бұл ереже тек салондағы жолаушыларға қатысты. 

"Жүргізуші өз көлік құралымен жүргізіп келе жатып, шылым шегіп немесе қолын терезеден шығарып, белгілерді көрсететін болса оған жауапкершілік белгіленбеген. Ол жүргізушінің көліктің кабинасында басқа жолаушылар болып, сол жолаушылар қолын, дене мүшесін шығаратын болса немесе есікті ашатын болса жауапкершілік сол жолаушыларға көзделген", – деді Алматы қаласы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев. 

Алайда, бұл тек жолаушылар ғана жазаға тартылады деген сөз емес. Мәселен, жүргізуші қасындағы адамдарға ескерту жасамай, терезеден басын немесе қолын шығаруға рұқсат берсе ол да айыппұл арқалайды. 

Дегенмен, аталған заңмен темір тұлпар иелерінің бәрі бірдей келісе қоймады. Айта кету керек, аталған ереже әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабында көрсетілген. Заңға сәйкес, құқық бұзған азаматтарға 10 айлық есептік көрсеткіш яғни, 38 190 теңге айыппұл салу көзделген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий