Көлікті рұқсатсыз мінген жасөспірім жазадан қорқып, өзіне қол жұмсады
764
Ресейдің Иркутск облысындағы Бирюсинск қаласында кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының автокөлігін рұқсатсыз мініп кетіп, жол апатына ұшыраған соң өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ресейлік БАҚ мәлімдеді.
Оқиға 7 маусым күні түнде болған. 14 жастағы оқушы анасы ұйықтап жатқанда "Land Cruiser" автокөлігінің кілтін алып, өзі рұқсатсыз айдап кеткен. Әкесі сол сәтте үйде болмаған.
Қала ішінде жүрген бала Калинин көшесі маңында ағаш бағанаға соғылып, көлікті зақымдаған. Кейін үйіне оралып, көлікті аулаға қойған.
Осыдан соң бала қатты қорқып, жазаланудан сескеніп, өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі келесі күні таңертең үй мен сарай арасынан табылған.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...