Колледж түлектерін де мемлекеттік қызметке алу керек - Тоқаев
1087
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдегі кадрлық әлеуетті арттырып, мамандар тапшылығын жою керек екенін жеткізді.
Ол алдымен су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығы туралы айтты.
Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды. Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады. Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашыратып, оңды-солды тарата беруге болмайды. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек, – деді президент.Айтуынша, енді жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Сонымен қатар Үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіндігін қарастыруға тиіс. Фото: azh.kz
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
17:02
«Орнымнан тұрмасам, жолаушылар өлер еді»: Flydu...
02.10.2026
17:02
Тоқаев: «Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықа...
02.10.2026
16:55
Ақтауда бір жарым жасар сәбиді қағып өлтірген ...
02.10.2026
16:49
Тоқаев жасанды интеллект Қазақстан өнеркәсібінд...
02.10.2026
16:30
Тоқаев қолдаған келісім ЖИ қауіпсіздігі жөнінде...
02.10.2026
15:56
Өскеменде көпқабатты үйдің ауласынан 18 жастағы...