"Көмгеніне дейін түсіріп тұрған ба?": әкесін жерлеген Ердос Қанаев сынға қалды
Желіде әнші Ердос Қанаевтың әкесін жер қойнына тапсырып жатқан сәтінен видео тарады.
Бейнежазбаны өнер иесінің досы Сәбит Бескемпіров өз парақшасында жариялаған.
"Өмір деген осы екен ғой. 20 күн бұрын менің әкеме топырақ салып едім, бүгін оның әкесіне. Ата-анаңыз тірі болса, қадіріне жетіңіз, бір күні осындай күн келеді. Алла әкелерімізге Фирдаус жәннәтын нәсіп етсін, бауырым", – деп жазды ол.
Аталған видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Көпшілік марқұмның аруағына құрметпен қарау керектігін айтып, видео түсірудің орындылығын сынға алды. "Неге рұқсат бердіңдер түсіруге? Осы да жарнама ма? Тіріні сыйламасаңдар, қайтыс болған кісінің аруағына құрметпен қараңдар", "Зиратта видео түсіруді қою керек. Қайғыны да жарияға жар салу сәнге айналды", – деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар