«Көңілдес іздеуден басқа мән таппаған адам, қош бол!»: Байырбекова күйеуінің опасыздығын жайып салды
Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, журналист Нәзира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты ашық жазба жариялап, жолдасының көзіне шөп салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Журналист әйел адамның сатқындықты кешіруге міндетті емес екенін және некедегі адалдықты ең басты құндылық санайтынын баса айтты.
«Өз құнын білетін, өзін-өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын құнды дүнием, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер "опасыздықты" кешірмейді. Олар 60, 70, 80 жаста болса да, неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақта тұрмайды. Өмірінің соңғы күні болса да, өзін ешкімнің қор қылуына жол бермейді. Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!» – деп жазды ол.
Сонымен қатар ол жазда балаларымен бірге ескі жер үйді сатып алып, күйеуі келгенше тосынсый жасамақ болып жөндеу жүргізгенін, алайда отағасының бұл уақытта басқа жақта жүргенін білгенде қатты күйзелгенін жасырмады.
«Күйеуім Қатонқарағайда көңілдестермен жүр деп ойламадым. "Әкеме біз қажет емеспіз, бізді түк іздемейді ғой" деп ренжитін балаларыма да "әкенің жақындығы жездей-ақ" деп жұбататын едім. Отқа да, суға да шыдағанмен, сатқындыққа, зинақорлыққа шыдамайды екем», – деді журналист.
Сөз соңында Нәзира Байырбекова қоғамда тек «елден ұялғаннан» бірге тұрып жатқан отбасылардың көп екенін тілге тиек етіп, әйелдерді өзін құрбан етпеуге және тек адалдыққа негізделген шаңырақты бағалауға үндеді.
Соңғы жаңалықтар