Конституциялық сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен

Конституциялық сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түскен
09.09.2025 14:13
0
91
Фото: Ақорда

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Мемлекет басшысына Конституциялық соттың 2,5 жылдағы қызметі туралы есеп берілді.

Эльвира Азимованың айтуынша, осы уақыт ішінде сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш түсіп, 5 мыңнан аса құқық нормасы зерделенген. 

Нәтижесінде 300-ден астам шешім қабылданып, 74 қорытынды қаулы шығарылған. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді.  

Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр.

Сондай-ақ, азаматтар Конституциялық сот жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығынан тегін құқықтық кеңес ала алады. 

Президент Конституциялық соттың азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратынын және қабылданған ұстанымдардың дәйекті орындалуы қажет екенін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий