"Көп нәрсе өзгерді": Тұрмыс құрған Құралай Анарбекова жеке өмірі туралы айтты

Белгілі актриса әрі кинопродюсер Құралай Анарбекова Instagram парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жақында тұрмысқа шыққан өнер иесі өмірінің жаңа кезеңге аяқ басқанын қуанышпен жеткізді.
«Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді – тіпті айналам да. Біреулер үнсіз кетіп қалса, орнына уақытында келіп, өміріме жаңа мән сыйлаған жандар пайда болды. Өзім өзгерген сайын, әлем де өзгеріп жатқанын байқау қызық. Қазір жанымда жүрген адамдарға ерекше ризамын. Бірақ кішкене ырымшылдығым бар: “Бақыт пен ақша тыныштықты жақсы көреді” дегенге сенемін. Сондықтан ең қымбат нәрселерді көпшілікке жарияламай, жүрегімде сақтағым келеді», – деді Анарбекова.
Желі қолданушылары оның жазбасына түрлі пікір қалдырды. Бірі актрисаның астарлы жазбасын түсінбей жатса, енді бірі оған ақжарма тілектерін білдірді.
«Үш рет оқысам да толық түсінбедім», «Бастысы – бақытты бол», «Әрқашан қасыңдамыз» деген жылы пікірлер жазылды.
Соңғы жаңалықтар





