Көптен бері көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева халық алдына шықты

KeshYou тобының экс-солисі әрі әнші Камшат Жолдыбаева ұзақ уақыт үзілістен кейін желіде үн қатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Ол көп уақыттан бері әлеуметтік желіде көрінбей кеткен еді. Осы жолы Кәмшат Жолдыбаева жаңалығын бөлісетінін айтты.
Инстаграмда көптен бері бір көрінбедім. Сондықтан әдемі болсын деп, үстіме көйлегәмді киіп шықтым. Негізі инстаграмға аз шығатын немесе тіпті шықпайтындарға қызығамын. Нағыз өмір - экранның бер жағында ғой... Дегенмен арасында өздеріңізбен хәл сұрасып тұрған да жақсы-ау. Оның үстіне, сіздерге арнап жақында бір өнімді ұсынамын, Алла қаласа. Қандай өнім екеніне нұсқалар болса, жазып кетіңіздер. Сіздерді өте сағындым, - деді әнші.
Желі қолданушылары болса әнші көптен бері сағынып жүргендерін айтып жарысты.
Соңғы жаңалықтар




