Көрінген нәрсеге президентті араластырудың қажеті жоқ — Ринат Зайытов

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Ринат Зайыт президент Жолдауы туралы бірер сөз қозғады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ринат Зайыт Qasqa jol YouTube арнасында қонақ болып, елдегі біршама мәселелерді көтерді. Сонымен қатар тегіндегі «ов»-тан құтылғанын айтып, сүйіншіледі. Ол президентті барлық мәселеге араластырмай, әр жауапты адам өз ісін атқару керегін айтты. Әрі елден көшіп жатқан ғалымдар мен мықты мамандарды тілге тиек етті.
«Ғылымға аса көңіл бөлмейміз. Спортта бармыз. Мәдениетте бармыз. Тіпті қымыз, шұбат өндіріп, өндірісте де бармыз. ТМД елдеріне танымал болған әншілер бірінші Қазақстанға келгісі келеді. Өйткені оларды желіде танымал ететін де қазақтар. Біз әлемде тұрмыз. Тек осыны топтастырып, қазақы бренд қалыптасуы керек. Елдегі білімділердің жағдайы жасалмағандықтан олар өзге мелмекетке кетіп жатыр», деді депутат.
Ринат Зайыттың айтуынша, көші-қон мәселесі Жолдауда айтылатын мәселе емес екен. Оны премьер-министр мен минстр шеше салатын іс деп бағалады.
«Көрінген нәрсеге президентті араластыра беруге қарсымын. Өздері ғана шешетін дүние. Мемлекет-шағын отбасы. Отбасыда әкең ақша табады. Анасы тамақ жасайды. Әркімнің өз міндеті бар. Енді осы жерде әкенің тамақты да істеп, баланы да қарап, ақшаны да тауып отыратын мүмкіндігі жоқ. Енді осының ауқымын кеңейтетін болсақ, біз неге қит еткен затқа президентті араластырамыз?! Бұл Назарбаевтың кезінен қалып қойған диктаторлық мәселе. Қазір Тоқаев бар да шешіңдер деп әр лауазым иесіне жауапкершілік беріп қойған. Бұл сүйекк есіңіп қалған қорқақтық. Президент айтпайынша іске кіріспейтіні содан», - деді ол.
Депутат жазғы демалысын Алакөлде өткізіпті. Сол кезде премьер-министр мен топ адам Алакөлді тексеріп жүріпті. Ринат Зайыт бір жарым жыл бойы комитетте, мәжілісте Алакөлдің мәселесі бірнеше рет көтеріліпті. Бірақ қарастырамыз деген жауаптан өзге іс-әрекет болмаған.
«Презизент айқай салып еді, бәрі жетіп келді. Алакөлдің жағдайын түзеткің келсе шіліңгір шілдеде келме, наурызда бар. Сол кезде бүкіл мәселе көрінеді», -деді депутат.
Соңғы жаңалықтар





