“Көшкіннің астында қалған”: Аңызға айналған спортшы сұмдық жағдайда ажал құшты

“Көшкіннің астында қалған”: Аңызға айналған спортшы сұмдық жағдайда ажал құшты
31.07.2025 11:13
0
139
Фото: moya-planeta.ru

Неміс биатлонының аңызына айналған спортшы Лаура Дальмайер Пәкістанның тауларында қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ kazinform.kz сайтына сілтеп. 

Оның менеджерлері 31 жастағы спортшының қазасын растады. Қайғылы оқиға 28 шілде күні Каракорум тау жотасындағы Лайла-Пик шыңында болған. Екі дүркін Олимпиада чемпионы тас көшкінінің астында қалып, мерт болған.

Құтқарушылар оны екі күн бойы іздеген, алайда ауа райының қолайсыздығы мен жер бедерінің күрделілігі іздестіру жұмыстарын қиындатты.

ZDF арнасының хабарлауынша, соңғы мәліметтерге сәйкес, Лаура Дальмайер оқиға орнында бірден көз жұмған болуы мүмкін. Спортшының денесі тауда қалатын болды. Бұл — оның өзі тірі кезінде қабылдаған шешімі. Лаура егер тауда қаза тапса, ал денесін төменге түсіру тым қауіпті болса, онда өзге адамдардың өміріне қауіп төндірмей, сол жерде қалдыруды өтінген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий