«Косякқа тығып кетті»: Куәгер сөзінен айнып, Боқаевтың тапсырмаларын орындағанын баяндады (ВИДЕО)

19.03.2026 13:50 Арман Ермеков
«Косякқа тығып кетті»: Куәгер сөзінен айнып, Боқаевтың тапсырмаларын орындағанын баяндады (ВИДЕО)
274
Фото: Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде Санжар Боқаевтың ісі бойынша куәгер Ахиддин Хамрақұлов жаңа видео үндеу жариялап, бұған дейін Алматы полициясы азаптады деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін құқық қорғау органдары қысым көрсетіп, күшпен жалған жауап алды деп шағымданған ер адам алдыңғы видеоның арнайы ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша бұл қойылым Боқаевтың адвокаты Диас Ахметовтің тікелей нұсқауымен түсірілген, кейін ол қоғамда шу шыққаннан кейін оны босатып алатынына уәде беріп алдаған. Хамрақұлов жалған бейнеролик түсіріп, құқық қорғаушыларға жала жабу арқылы заңсыз әрекетке барғанын ол кезде мүлдем түсінбегенін жеткізді.

Хамрақұлов оқиғаның мән-жайын баяндап, Боқаевпен 2023 жылы үйінде жөндеу кезінде танысқанын айтты. Ал 2025 жылдың соңында қоғам қайраткері оған бейнеролик түсіру үшін зиратқа гранит тақталарын апаруды, кейін Баум тоғайындағы ағаштарды кесуді тапсырған. Бұл жұмысы үшін 100 мың теңге алғанын айтқан ол осы үшін 2 жылға шартты түрде сотталған болатын.

Еске сала кетейік, кеше 18 наурызда қоғам қайраткері Санжар Боқаевтың ұсталғаны белгілі болды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратты және алаяқтық жолмен аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше Боқаев табысы төмен адамдарды ақшалай сыйақы беріп қылмысқа тартқан, яғни қоғамдық саябақта ағаш кесу мен құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауды ұйымдастырған.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Боқаевтың өзі бизнесін АҚШ-қа көшіргенін және сол жақта жүргенін хабарлаған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий