"Күлетін нәрсе емес". Балабақшада сүйіскен екі бүлдіршін елді шошытты

24.09.2025 10:54
0
224
видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде балабақшада түсірілген бейнежазба қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Видеода шамамен 3-4 жастағы қыз бен ұлдың сүйісіп жатқан сәті анық көрінеді.

Бейнежазбаны ұл баланың анасы әлеуметтік желіге жүктеп, "Біз ұлымызды балабақшада үйренісе алмай жүр деп уайымдап жүрсек" деп жазды ол. 

Бұл көрініске байланысты жұрттың пікірі екіге жарылды.

Бірі «балалық қой, ойнап жүр» деп мән бермесе, енді бірі «тәрбиешілер қайда қарап отыр, бұл нағыз сорақылық» деп ашуланды.

"Күлетін нәрсе емес,әр адамның жеке кеңістігі бар, тән құмарлыққа үйретпеңдер, онсызда ерте жүктілік өте көп", "Қыздын әкесі көрмесін", Садикке баратын бір мотивация тауып алыпты да палуан", "Баланы жастан тәрбиелеу керек", "Мақтан көретін емес, бұл қорқатын әрекет", - деп жазды жұрт. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий