«Күмәнім күшейді»: Ербаян Мұхтардың адвокаты дайын сараптаманы көре алмай, дабыл қақты
Әскерде жүріп, комаға түскен, қазір ауыр хәлде шетелде емделіп жатқан Ербаян Мұхтардың отбасына адвокат болған Инга Иманбай сарбаздың сараптамасы дайын болса да, құзырлы органдар оны бермей жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Ербаянның ісі бойынша сараптама дайын. Бірнеше күннен бері жаңалығым бар деп жүргенім осы еді. Негізі, сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ тергеуші оны екі күн бұрын ғана айтты. Ал, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушіні келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін телефонына хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді. Тергеуге қатысты күмәнім күшейді. Әйтпесе, дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күмәнім күшейді. Жағдайды осы жерге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етемін», - дейді Инга Иманбай.
Еске салсақ, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық ұланында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.11.2026
22:33
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы журналист Вадим Боре...
16.11.2026
21:32
Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым халықар...
16.11.2026
20:17
Астанада оқушы қыз мектепке пышақ алып келіп, ө...
16.11.2026
18:55
Тоқаевқа жылыту маусымы қалыпты өтіп жатқаны ба...
16.11.2026
18:16
Кәсіпкерді кім өлтірді: полиция жаңа мәлімет жа...
16.11.2026
18:09
Алматыда өртенген ең көне спорт мектебінің орны...