Курс үшін «Dyson» уәде еткен алаяқ полицияның қолына түсті
Астанада «Dyson» сыйлауға уәде беріп, тұрғындарды алдап келген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, 25 жастағы әйел кәсіптік курсқа қатысып, шетелдік компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ұсынысқа сеніп, алаяққа 2 миллион теңге аударған.
Күдікті әйелге курс барысында төрт «Dyson» шаш күтіміне арналған құрылғысын сыйлаймын деп сендірген. Бір апта өткен соң уәде етілген сыйлықтар да, сабақтар да болмайтынын түсінген әйел полицияға жүгінді.
Алматы ауданының криминалдық полициясы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Тергеу барысында оның бұған дейін де осындай оннан астам алаяқтық фактісіне қатысы бары дәлелденді.
Қазіргі уақытта алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция басқа да жәбірленушілер болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.