"Күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта жоқ": Ұлттық құндылықтарды дәріптеуші дәстүрді жоққа шығарды

20.09.2025 15:13
0
0
коллаж Todayinfo.kz

Ет зергері, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы Саяхат Әсімхан күйеу балаға төс тарту дәстүрі қазақта болмағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл – халықтың болмысына, салт-санасына сәйкес келмейтін жаңсақ түсінік. Бұл пікірін ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында ашық жеткізді.

«Күйеу балаға төс тарту қазақтың менталитетіне жат. Ол – көкіген сөз. Қазақтың дәстүріне өте жат дүние. Қыз бен күйеу балаға асықты жілік беріледі. Оған бөлек төс тарту деген жоқ. Жігіт асықты жілікті мұжып жеп, асығын алып кетіп қалады. "Асығың көп, ұрпағың көп болсын" деген – нағашы жұрттың тілегі», — дейді ол.

Алайда, әлеуметтік желі қолданушылары Саяхат Әсімханның бұл көзқарасымен келіспей, өз қарсылықтарын білдірді. Олар төс тарту дәстүрінің бұрыннан келе жатқанын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Не айтып отыр? Бала кезімізден төс тартқанды көріп келеміз», «Төс күйеу балаға, құйымшақ қыз балаға. Бала кезімізден көріп келе жатқан дәстүр», «Төсті жесе күйеу бала әлді болады» деген пікірлерді желі қолданушылары жиі жазған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий