Күйеу жігіт пен қалыңдық той күні жол апатына ұшырады
4151
Әзербайжанның Оғуз ауданына қарасты Хачмаз ауылында той күні орын алған жол-көлік оқиғасы ел назарын аударды. Бұл туралы POLITICO.KZ Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2001 жылы туған Эмин Фейзуллаев басқарған Hyundai көлігі Синджаб ауылына қарай бағыт алған кезде, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі сайға құлаған.
Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы — 1981 жылы туған Тахмина Юсубова және 2006 жылы туған Мелек Фейзуллаева түрлі жарақат алған.
Ерекше атап өтерлігі — Эмин мен Мелек дәл осы күні өздерінің үйлену тойына бара жатқан. Жастар сұлулық салонынан шыққан.
Зардап шеккендерге ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін олар үйіне жіберілген.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...