«28-де еді»: Марқұм Асқар Забикулиннің әйелі туған күнінде жазба жариялады

27.10.2025 12:50 Айсұлу Мұрат
«28-де еді»: Марқұм Асқар Забикулиннің әйелі туған күнінде жазба жариялады
0
1190

Құтқару қызметі кезінде опат болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің әйелі жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әнел Забикулин 29 жасқа толған туған күнін атап өткенін айтты. 

"Бүгін 29 жасқа толдым. Күйеуім бұл өмірден өткенде 28-де еді. Енді мен одан үлкенмін… Кейде осы ой жүректі шымырлатады.

Бірақ, бәлкім, уақыт осылай өтеді. Ол бізді өмір сүруге, күшті болуға, ақылдырақ, тереңірек сезінуге үйретеді.

Кейде мен мұңаямын. Кейде күлемін. Кейде үнсіз қаламын. Бірақ әр сәтте – мен бармын. Тірімін. Шынайымын. Бүгін мен өткен әр күнім үшін алғыс айтам. Өмір сүріп жатқаным үшін, сезіне алатыным үшін,
және өмірді әлі де сүйе білетінім үшін", деп жазды марқұмның жары. 

Айта кетейік, марқұм Асқар Забикулиннің артында әйелі мен екі қызы қалған еді. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий