"Күйеулеріңді байлап ұстаңдар": Әнару Құрманалиева күтпеген мәлімдеме жасады

07.03.2025 10:21
0
175
видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жиі талқыланатын Әнару Құрманалиева тағы да жұрттың назарын өзіне аударды. Бұл жолы ол отбасылы ер адамдардың жас қыздарға неге қызығатынын ашық айтып, өз ойын бөлісті, деп хабарлайды  POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Маған үнемі үйлі-баранды ер адамдар келеді, ал олардың әйелдері маған хат жазып, кінәлап жатады. Мүмкін, менің тазалығым мен ерекше тартымдылығым әсер ететін шығар. Байларыңызды жақсылап арқандап, байлап ұстаңыздар! Өздеріңіздің кемшіліктеріңізді менен іздемеңіздер. Егер сендер шынайы адал, таза әйел болсаңдар, күйеулерің басқа жақтан "ақ, таза" қыз іздемес еді", – деп жазды ол.

Бұл мәлімдеме желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Бірі оны сынға алса, енді бірі қолдау білдірді. Кейбір оқырмандар бұл жағдайдың әдейі ұйымдастырылған әрекет болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Бұл – қақпан. Әйелі сізге әдейі жала жабу үшін ұйымдастырып отырған шығар" деген пікірлердің біріне Әнару Құрманалиева да жауап беріп, мұндай ықтималдықты жоққа шығармады.

"Иә, мүмкін. Ол әйелден көрмеген қорлығым жоқ. Солай болуы да ғажап емес. Ол әйелге Алла төреші болсын", – деп пікір білдірді ол.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып, түрлі пікірлер туғызды. Бірі Әнаруды қолдаса, енді бірі оны қатты сынға алып, этика мен мораль мәселесін талқыға салды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий