ЛАҢКЕСТІК ТОПТАРДЫҢ 300-ДЕЙ ОШАҒЫ АНЫҚТАЛДЫ
426
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерде кейінгі 3 жылда лаңкестік топтардың 300-ге жуық ошағы анықталды. Әрі сепаратизм мен экстремизмді насихаттаған жүздеген сайт бұғатталды. Бұл жайлы Ташкентте өткен өңірлік терроризмге қарсы құрылым кеңесінің 41-ші отырысында айтылды. Жиынға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның құзіретті орган өкілдері қатысты. Тараптар жыл басында Иран және таяуда Ресей мен Пәкістанда болған террорлық актілерді қатаң айыптап, мәлімдеме жасады. Құрылымның күн тәртібіндегі күрделі сын-қатерлер сараланды. Руслан Мирзаев, ШЫҰ ӨТҚҚ атқарушы комитетінің директоры: - Кейінгі 3 жылда ұйымға мүше мемлекеттердің өкілетті органдары өңірлік терроризмге қарсы құрылымның күшімен халықаралық лаңкестік топтардың 280-нен астам ошағын анықтап, жолын кесті.
Заңсыз айналымнан 7,5 мың қару мен жарылғыш заттар алынды. 225 мың оқ-дәрі тәркіленіп, терроризм, сепаратизм, экстремизмді насихаттаған 320 мыңнан астам сайт бұғатталды. Отырыста бірқатар құжатқа қол қойылды және Қазақстан ұсынған Шанхай тоғыздығына мүше елдердің аумағындағы бейбітшілікке қауіп төндіретін жағдайларға қарсы іс-қимыл шарасы бекітілді. Сондай-ақ, шекара қызметтерінің «Ынтымақ – 2024» бірлескен шекара операциясын өткізу мәселесі талқыланды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...