Лидия Каденова құлағындағы сырғасын Меруерт Түсіпбаеваға сыйлады
814
Жақында "Халық әртісі" атағына ие болған актриса Лидия Каденова құлағындағы бағалы сырғасын өнердегі сіңлісі Меруерт Түсіпбаеваға сыйлады. Өнер иесі сырғасын жұғысты болсын деген ниетпен таққан.
Жұлдыздардың қатысуымен болған ерекше сәтті Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Лидия Каденованың құлағындағы сырғасын шешіп, оны өнердегі сіңлісіне тарту етіп жатқанын көруге болады.
"Біздің жолымызды берсін. Жұғысты болсын. Орден, медаль таға бер. Осы күнге дейін өзің де қаншама марапатқа ие болдың. Мәселе атақта емес. Адам ол үшін жұмыс істемеуі керек. Еңбегіңнің жемісі мол болсын! Мына сырғаны саған тағамын. Соншалықты қымбат емес. Бірақ рөлдеріңе тағып шығарсың. Ырымдап беріп жатырмын", - деді Каденова.
Меруерт Түсіпбаева бұл сыйға қатты қуанып, актрисаға алғысын айтты.
"Су жаңа халық әртісі құлағындағы сырғасын шешіп берді. Алғаш театрда сары ауыз балапан болып келгенде Лидия апайлар көп көмектесіп еді. Екі сөз айтсақ та, апайларға қарап, тексертіп алушы едік. Осындай керемет сыйлығыңыз үшін рақмет! Атағыңыз құтты болсын", - деді Түсіпбаева.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
18:46
Дана Нұржігіт: Қазір отбасында табыс екі жақтан...
23.09.2026
18:16
Алматыда прокурордың ұлы бірнеше көлікті соққан
23.09.2026
18:07
Астанада бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған е...
23.09.2026
17:55
Зағип жүргізуші көлікпен 240 шақырым жол жүрген...
23.09.2026
17:24
Әсел Қаппароваға айыппұл салынды
23.09.2026
17:11
Тоқаев Сауд Арабия королін құттықтады