Лос-Анджелесте өрттен 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Лос-Анджелесте Пасифик-Палисейдс ауданы үлкен өртке оранды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Апат аймағында 30 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Өрт 1182 гектар аумақты шарпып, бірнеше тұрғын үйді жойды.
Жергілікті тұрғындар өрттің таралу жылдамдығы соншалық, үйлерінен шығып үлгеру қиын болғанын айтады. Жолдарда кептелістер пайда болып, кейбіреулер көліктерін тастап, жаяу қашуға мәжбүр болған.
Өрттің күшеюіне қатты жел мен құрғақ ауа райы ықпал етуде. Өрт сөндіру қызметтері әуе техникасын және арнайы бульдозерлерді пайдаланып жатыр. Алайда, от әлі де мыңдаған тұрғын үйге қауіп төндіріп тұр.
Танымал актер Джеймс Вудс эвакуацияланғанын, бірақ үйінің аман қалғанын әлі білмейтінін айтты. Ал режиссер Стив Гуттенберг кейбір тұрғындардың көліктерін жолда қалдырып, эвакуациялауға кедергі келтіргенін жеткізді.
"Мүлікті ойлауға уақыт жоқ. Бастысы – тез арада кету," – деп ескертті ол.
Өрт салдарынан АҚШ президенті Джо Байденнің Калифорнияға жоспарланған сапары тоқтатылды.