Астана әкімі LRT бағасы ақылға қонымды болмақ деп уәде берді

Астана әкімі LRT бағасы ақылға қонымды болмақ деп уәде берді
20.12.2024 16:30
0
109
informburo.kz
Жеңіс Қасымбек LRT билеттерінің құнын ақылға қонымды деп атады

LRT жол ақысы ақылға қонымды болады, деп мәлімдеді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-дағы брифингте, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Әкім нақты соманы атамағанымен, билеттің құны жолаушылардың қалтасына ауыр тимейтінін жеткізді.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бастапқыда күніне 20 000 жолаушы тасымалдау жоспарланған. Алайда нақты жолаушылар саны бірнеше есе көп болатыны байқалып отыр. «Бұл көрсеткіш қайта қаралады», – деді ол.

LRT құрылысының құны ЕРС-келісімшарт бойынша 1,8 миллиард долларды құрайды. Депо халықаралық әуежай жанындағы 16,84 га аумақта орналасады. Қазіргі уақытта барлық тіректердің құрылысы аяқталған.

LRT жобасы 18 станцияны қамтиды. Әрқайсысы 652 жолаушыны тасымалдай алатын 19 қозғалыс құралы пайдалануға беріледі. Бастапқыда тәулігіне 25 мың жолаушыға қызмет көрсетіліп, болашақта бұл көрсеткіш 92 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Төлем көлік карталары мен QR-код арқылы жүргізіледі.

Ақпарат bes.media сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или