LRT ісі бойынша қашып жүрген Талғат Ардан ұсталды
495
Астана LRT жобасындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркия аумағында ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген. Нәтижесінде экс-басшы Анталья қаласында ұсталды.
9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты экс-басшыны қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...