Ұлттық экономика министрлігі атқаратын қызметтер толықтырылды
631
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы қаулысына толықтырулар енгізу туралы құжат қабылданды.
Биыл 3 сәуірде бекітілген Үкіметі қаулысына сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәселелеріне қатысты толықтырулар жасалды. Бұл ретте тиісті ережедегі 15-тармақ 37-2), 37-3) және 37-4) тармақшалармен толықтырылды:
- 37-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;
- 37-3) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын келісу;
- 37-4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің мемлекет кепілдік берген экспортты қолдау жөніндегі міндеттемесіне және қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын келісу.
Атап айтқанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...