Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұтастық туралы ойы ұнады - Саясаттанушы
Киелі Атырау өңірінде Ұлттық Құрылтайдың кезекті отырысы басталып, заманауи мәселелер мен болашаққа бағытталған жоба-жоспарлар ортаға салынды. Әсіресе ұнаған ой, ол президентіміздің тұтастық туралы айтқаны ойы.
Алаш қайраткерлері мен Кеңес Одағы кезіндегі социалист тұлғаларды бір-біріне қарсы қою үрдісі - зиян, пайдасыз, қауіпті үрдіс. Біздің қоғам мін іздеп, тарихты қопарғанша, керісінше ұйысып, бір организмдай болашақта даму керек. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы сөзі қатты ұнады.
“Анау мынаны сатты, анау мынаны бүйтті” дей береміз. Ал дәлелдедің, ал солай болсын-ақ. Не өзгереді? Зиратын қиратып, қабырынан қазып аласың ба? Әлде еш қатысы жоқ ұрпағын қудалайсың ба? Әлде соны дәлелдегеннен татулық пен тыныштық орнай ма? Жоқ … екі адамның шайқасы, соңында ру аралық жан-жалға ұласып кетуі ықтимал. Сондықтан, бізде мемлекеттік деңгейдегі тұтастық менталитеті керек.
Президент соны меңзеді. Сезіп отырмын.
Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы
“Politico” сілтейді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...