"Любой" адамды құлатамын": Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованы орнына қойды

Актриса Қозы Көрпеш – Баян сұлу сериалына кеткен қаржыны мемлекетке қайтаруды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл жоба бюджеттік қаражат есебінен түсірілген, бірақ сериал қоғамның, әсіресе зиялы қауымның сынына ұшыраған, деп жазады POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай «түсініксіз кастинг» қалай өтті? – деп ашынды актриса
Ол режиссер әрі продюсер Баян Алагөзова бастаған топ өзіне шабуыл жасағанын да мәлімдеді.
Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. «Сен ешкім емессің», «нөлсің», «бездарная» деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен любой адамды құлата аламын, – дейді ол.
Актриса бұл жағдайдан кейін өзін қаралау науқаны басталғанын айтып отыр. Айтуынша, сыни пікір білдіргені үшін жеке басына тиісу жиілеп кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін актер Тұңғышбай Жаманқұлов Finx фильміне бөлінген қаржының жұмсалуына байланысты тергеуге тартылып, ақшаны қайтаруға мәжбүр болған еді. Ал дәл сондай жағдайда болған продюсер Баян Алагөзоваға қатысты шара қолданылмағаны қоғамда да сұрақ туғызуда.
Соңғы жаңалықтар





