Мәйіті пакетке оралған: Германияда жоғалып кеткен қазақстандық әйелдің денесі табылды
443
Судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген,-деп хабарлайды politico.kz
Жексенбі күні оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Қазір Сайлыбаеваның өлімін 35 тергеуші тексеріп жатыр. Әйелдің үйіне тінту жүргізілді.
"Сайлыбаевамен бір уақытта оның 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова да жоғалып кеткен. Ол 4 маусым күні немересін балабақшадан алып, үйіне әкелгені белгілі болды. Баланың өзі аман, қазір туыстарының қамқорлығына берілген. Сайлыбаеваның анасы мен ағасы Қазақстаннан Германияға келді”, – делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Қазір Донцованы іздестіру жұмыстары жалғасуда және екі із-түссіз жоғалғандар арасында байланыс орнатылуда.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...