МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫНЫҢ МӘСКЕУГЕ САПАРЫ
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейге барды. Қазақстандық депутаттар делегациясы Мәскеуде Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Федералдық Жиналыс Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесулер өткізді. Ерлан Қошанов Ресей еліміз үшін әрдайым сенімді одақтас, стратегиялық әріптес әрі тату көрші екенін және солай болып қала беретінін айтты.
Мәжіліс Мемлекеттік Думамен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға зор мән беріп келеді. Бүгінде екіжақты тауар айналымының 70 пайызы өңіраралық және шекаралық саудаға тиесілі. Сондықтан, тараптар сауда қатынастарын кеңейту мен өндірістік кооперацияны нығайту үшін әлеует зор екенін атап өтті. Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы: - Елдеріміз арасында өзіңіз атап өткендей, сенімді саяси диалог жолға қойылған.
Тығыз экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс орнап, берік шарттық-құқықтық база қалыптасқан. Осы жылдар ішінде 600-ден астам құжатқа қол қойылды. Жыл өткен сайын бұл қарым-қатынастар тек нығайып келеді. Көшбасшыларымыз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин оларды дамудың жаңа деңгейіне көтерді.
Мәжіліс төрағасының Ресейге сапары Қазан қаласында жалғасады. Онда Ерлан Қошановтың Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесуі жоспарланған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
23:19
550 мың теңге үшін қылмысқа барған: Ресейде қаз...
29.10.2026
22:23
Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпт...
29.10.2026
21:43
Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс ...
29.10.2026
21:14
Ақтауда үш жасар бала комадан шықпай көз жұмды:...
29.10.2026
20:19
Тоғыз күнде екінші өлім: Хромтаудағы шахтада жұ...
29.10.2026
19:55
Қарақия әкімі күдікке ілінген іске қатысты бейн...