Мәдениет және ақпарат министрлігі Асанәлі Әшімовтің қазасына орай көңіл айтты
Мәдениет және ақпарат министрлігі аңыз тұлғаның қазасына орай көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына және барша қазақ халқына қайғыра көңіл айтты.
«Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға болды. Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады.
Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.
Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болғай», — деп жазды министрлік.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...