Мадина Сәдуақасова эстрадаға қалай келгенін айтты 

Мадина Сәдуақасова эстрадаға қалай келгенін айтты 
10.01.2025 15:57
0
28
Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өнер саласына келіп, қалай жұлдыз болып кеткенін айтты. Өнер иесі бастапқыда эстраданы мүлдем ойламай, офицер болуды армандаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мадина Сәдуақасова өзі туралы ел білмейтін қызықты жайтты айтты. Шоу-бизнес жұлдызы офицер атануды армандап жүрген кезде, ойламаған жерден эстрада әншісі болып кеткенін жеткізді. 

"2000 жылы барлығымыз президент оркестрінде жұмыс істедік. Менің өмірімдегі ең керемет кезең. Өйткені мен мүлдем эстрадалық ән айтқан жоқпын. Сол кезде ұлттық аспаптармен әндер орындайтынмын. 2003 жылы Астанаға композитор Ермек Елгезеков келеді. Ол маған Алматыға көшу туралы айтады. "Мен көшпеймін. Қазір сержантпын, әлі офицер боламын" деп айтамын. Әскери адамдардың арманы сол ғой. Ол кісі қоймай, маған ән жазып беретінін айтты. Жарты сағаттың ішінде сөздерін жазды. Түніме аранжировкасын жасапты. "Ән келді, түнімен өңдедім. Сен келген кезде сөздер де келді. Енді дауысыңды басып бер" деді. Ол "Махаббат жалыны" әні болды. Мен жаздым, ол кісі әнді Алматыға алып кетті. Бұл әннің тұсауы Санкт-Петербург қаласында Шұғыла Сапарғалиқызының кешінде кесілді. Халық өте керемет қабылдады", - деді Сәдуақасова "Замандастар" бағдарламасында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или