Мәдина Сәдуақасова өте қымбат сыйлық ұтып алды

Әнші Мәдина Сәдуақасова кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзованың қыздарының тұсаукесер тойында бағалы сыйлық ұтып алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.
«Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы ертегідегідей, өте әдемі сценариймен өтті. Мен бір конкурсқа қатысып, IPhone 16 Pro Max ұтып алдым! Тойда тілекті тек Баян мен Тұрсын айтты, әлемдегі ең бақытты ата-ана екенін атап өтіп, бір-біріне сезімін жеткізді. Келесі жылы 10 жылдықтары екен, енді бәріміз бұйырса Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойын көреміз. Лайым солай болсын!», - деп жазды әнші.
Мәдина Сәдуақасова елге танымал жұпқа перзенттерінің қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешуді тіледі.
«Қос қызыңның алғашқы қадамы құтты болсын! Ерекше естен кетпес әдемі той болды ! Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын», - деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар





