Мәдина Сәдуақасованың тойдағы әрекеті дау туғызды

Әлеуметтік желіде Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсаукесерінде түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Видеода Мадина Сәдуақасованың “Қате істедіңдер! Сыйлықты бере салуларың керек еді. Ол кісі шықты ғой?!” деп дауыстап сөйлеп тұрған сәті түсіп қалған.
Алайда оқиғаның мән-жайы мүлде басқа болып шықты. Той барысында ұйымдастырылған лотереяда билет нөмірін шатастырып алған.
Баян Мақсатқызы асаба шақырған нөмірге билеп ортаға шыққанымен, оның билеті сәйкес келмей қалған. Осы сәтте Баян Алагөзова ыңғайсызданып, кері қайтқан.
Осы жағдайды көрген Мадина Сәдуақасова араласып, “Той ғой, ортаға шыққан кісіні құр қол жібермеу керек еді” деген ниетпен пікір білдірген. Бірақ бұл сөздері бейнежазбада “ұрысқан” түрінде таралып кеткен.
Соңғы жаңалықтар





