Мадина Сәдуақасова қуанышты жаңалығымен бөлісті
1478
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова өмірінде болып жатқан қуанышты жаңалықты көпшілікке жария етті. Өнер иесі Америка құрама штаттарына 10 жылға виза алғанын хабарлаған.
Мадина Сәдуақасова бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Шоу-бизнес жұлдызы АҚШ елшілігінің алдында тұрған сәтінен видео жариялап, визаға қалай қол жеткізгегін айтып берді.
Әнші бұл құжатқа ие болу үшін арнайы бір ай бұрын дайындалғанын жеткізді. Алайда өнер иесі бұл визаны қандай себеппен алғанын әзірге құпия ретінде сақтап қалды.
"Достар, бұл екі күннен кейін "визаға рұқсат берілді" деген мөрі бар құжатты алдым деген сөз. Америкаға он жылға виза бар. Бір ай бұрын мені дайындады. Көптеген сұраққа қалай жауап беру керек, қалай сөйлеу керек екенін үйретті. Соның арқасында азғантай уақыт ішінде көп сұрақ қоймай, мөрді басып, паспортымды алып қалды. Енді сол визаны алуға келіп тұрмын. Қазір АҚШ елшілігінің алдына келдік. Кезекте тұрмыз. Бұл визаны не үшін алғанымды кейінірек айтып беремін", - деді Сәдуақасова.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
15:08
Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып қай...
24.08.2026
14:58
Ленгірде белгісіз біреулер әйелдің үйіне басып ...
24.08.2026
14:35
Аша Матай мен Тамара Асар депутат бола алмады
24.08.2026
14:15
Қазақстандағы ең бай әйелдің жеке мектебі қанша...
24.08.2026
13:45
Путин Тоқаевты Әділет партиясының жеңісімен құт...
24.08.2026
13:07
Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демал...