"Маған Ресеймен қарым-қатынас жасау жеңілірек”. Трамп күтпеген мәлімдеме жасады

10.03.2025 08:50
0
243
Ресей Президент админстрациясы

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен қарым-қатынасты Украинамен салыстырғанда «жеңілірек» деп бағалап, Владимир Путинмен жақсы өзара түсіністігі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW басылымы хабарлады.

Трамп Ақ үйде өткен баспасөз конференциясында Украинамен қарым-қатынас жасау барған сайын қиындап бара жатқанын және олардың қолында тиімді тетіктердің жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, Ресеймен келіссөз жүргізу әлдеқайда оңай болуы мүмкін екенін де атап өтті. Бұған дейін ол Truth Social әлеуметтік желісінде Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізетінін жариялағанымен, Ақ үйдегі сөзінде Ресей әскерінің Украинаға жасаған жаппай шабуылдарын белгілі бір деңгейде түсінетінін білдірді.

Трамптың пікірінше, Путин қазіргі жағдайға кез келген көшбасшы сияқты әрекет етуде. Ол AFP агенттігіне берген сұхбатында: «Шын мәнінде, менің ойымша, ол дәл қазір өзінің орнында кез келген адам жасайтын әрекетті жасап жатыр», – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, президенттен Украинаға қорғаныс қаруын не себепті бермейтіні сұралғанда, ол украиналық көшбасшылардың соғысты тоқтатуға шынайы ниетті екеніне күмән білдірді. Оның сөзінше, ең алдымен олардың жағдайды бейбіт жолмен шешкісі келетініне нақты көз жеткізу қажет. Бұл туралы The Hill басылымы хабарлады.

Дональд Трамп Ресей президентімен қарым-қатынасы туралы да пікір білдіріп, әрдайым Путинмен жақсы түсіністікте болғанын айтты. Оның ойынша, Путин соғысты аяқтағысы келеді және келіссөздер барысында жомарт қадамдарға баруы мүмкін. «Мен оған сенемін», – деді Трамп.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий