"Махаббатқа мұқтаж...": Айнұр Тұрсынбаева күтпеген мәлімдеме жасады
923
Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева отбасындағы әйел мен еркектің, баланың ара қатынасы туралы елді ойландыратын жазба арнады.
Бұл туралы POLITICO.KZ Caravan.kz. медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Айнұр Тұрсынбаева өз жазбасын желідегі парақшасында жазды.
«Қаншама адамдармен жұмыс жасап жүріп көзім жеткен заңдылықтар:
- Шешесімен тіл табыса алмаған адам, қызымен көп конфликтіге түседі. Әке-шешеңнің өзіне көрсеткеніңді балаң көзіңе көрсетеді екен.
- Әкесін сыйламаған адамның аяққа тұрып кетуі қиын болады.
- Көп өкпелейтін адамды өкпелететіндер көп. Яғни, ақшаға алдана беретін болсаңыз, алдымен өкпелеуді тоқтатыңыз.
- Аз сөйлесетін отбасы ажырасумен аяқталады.
- Әйелі сыйламайтын еркек алысқа бармайды.
- Күйеуінің махаббатын сезінбейтін әйел ашуланшақ, бала-шағасын ұрып тәрбиелейді.
- Болашағынан қорқа беретін адам артқа кете береді.
- Махаббатқа мұқтаж әйел киімге тоймайды.
- Ақша керек деп жанталасып жүрген адамдарға негізі керегі ақша емес-махаббат!
- Қиындықтан шыққысы келетін адам қуанып үйрену керек», — деп жазды айтыскер ақын.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...