«Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының ауыр кеңес беретінін айтты

28.10.2025 11:34 Нақыпбек Фатима
«Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының ауыр кеңес беретінін айтты
0
151
Фото: instagram.com/sultankyzy

Танымал тележүргізуші және журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ер жеткен ұлдарымен әңгімесімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлестім. Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде «өздері біледі ғой» деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтамын — бұл мен үшін ең маңыздысы», - дейді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы кейде ұлдарымен пікірі келіспей, ұрысып қалатынын да айтты.

«Ондайда эмоцияға берілмей, отырғызып сөйлесемін, түсіндіремін, кешірім сұратып, татуластырамын. Үлкеніне көбірек сенім артамын: үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау – бәрін соған тапсырамын. «Әкесінің орнында сезінсін» деймін. 25-ке дейін үйленемін деп отыр.
Жақында үлкен ұлым «махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз» деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз - бәлкім жастық әсері шығар, бірақ ересек адамдай әңгіме айтады. Қысқасы, ұлдарыммен достық, сенім және жауапкершілік туралы әңгімелесемін. Ал махаббат — сол әңгіменің ең жылы бөлігі», - деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий