Малайзияда қазақстандық студент көз жұмды
475
17 жасар Нұрай оқып жүрген Малайзиядағы университет тарапынан тиісті медициналық көмек ала алмау салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Қадыр Нұрай Xiamen University Malaysia бірінші курс студенті. Туыстарының мәліметінше оның үш күн бойы дене қызуы қатты көтеріліп, оқу орнының қызметкерлерінен медициналық көмек сұраған.
«Нұрайдың бірнеше күн бойы дене қызуы 39,5°C-қа көтеріліп ауырды, бірақ медициналық көмек көрсетілмеді. Жедел жәрдем шақыруға тырысқанына қарамастан, университет тарапынан медициналық көмектен бас тартылды. Университеттің қызметкері оның жағдайына тиісті назар аудармады және оның жағдайы нашарлағаннан кейін ғана белгілі бір алаңдаушылық танытты», деп жазылған хабарламада.
26 желтоқсан күні Қадыр Нұрай пневмониядан және медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуінен көз жұмды.
«Қыз ауырханаға түскеннен бастап, пневмония деген диагноз қойылды. Компьютерлік томография, пульмонолог шақырылмаған. Жалпы практика дәрігері емдеді. Балаға дұрыс ем-шара көрсетілмегеннен бақилық болды.»,дейді анасы.
Қазір Малайзиядағы Қазақстан елшілігі өлімнің себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
23:17
Алматыда оқушылар жаппай уланып қалды: Аурухана...
14.10.2026
22:30
Қарағандыда мас күйде жолаушы тасымалдаған авто...
14.10.2026
21:54
Досаевтың шаңырағында жаңа бизнес
14.10.2026
21:29
Дастан Сатпаевтың матчқа қатыспау себебі белгіл...
14.10.2026
20:08
Қазақстанда ресейлік әнші Navai есірткі контраб...
14.10.2026
19:17
«Льдинка» кафесіндегі төбелес: Алматыда танымал...