Малайзияда 17 жастағы қазақстандық студент пневмониядан қайтыс болды

Малайзияда 17 жастағы қазақстандық студент пневмониядан қайтыс болды
02.01.2025 09:57
0
1440
Әлеуметтік желілерде таралған бейнеден кадр
Университет әкімшілігі студенттерге қолдау көрсетпеген бе?

Малайзияда 17 жастағы қазақстандық студент Нұрай Қадыр пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Нұрай Қадыр Қытайдың Xiamen университетінің Сепанг қаласындағы кампусында оқыған. Әлеуметтік желілерде оның өліміне байланысты бірнеше студент блогерлер видеожазба таратып, университеттің студенттерге салғырт қарағанын алға тартты.

"Нұрай бірнеше рет кураторлар мен университет әкімшілігіне медициналық көмек сұрап жүгінген. Оның температурасы бірнеше күн бойы 39,5 градусқа жеткенімен, ешқандай әрекет жасалмаған. Тек жағдайы тым ауырлап, клиникаға жеткізілгенде, бұл кеш болып шықты," – деп мәлімдеді студенттердің бірі.

Алайда Нұрайдың анасы Роза бұл жағдайға университетті емес, жеке клиниканы айыптайды. Оның айтуынша, клиникада қызға қажетті диагностика мен ем-дом көрсетілмеген, ал Рождество мерекесіне байланысты дәрігерлер назарсыз қалдырған.

"Бірнеше күн бойы антибиотиктер мен рентгеннен басқа ешқандай ем жүргізілмеді. Лейкоцит көрсеткіштері жоғары болса да, олар сыртқы белгілерге ғана сүйенген. Нәтижесінде, қызыма сепсис диагнозы қойылды, өкпесі сұйықтыққа толып, өмірмен қоштасты," – деді ол.

Нұрайдың өлімінен кейін Xiamen университетінің әкімшілігі ата-аналармен кездесіп, студенттердің медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігі бар екенін, ал студенттің өзі клиникаға жүгінгенін алға тартты.

Бұл оқиға қоғамда үлкен пікірталас тудырып, шетелде оқитын қазақстандық студенттердің қауіпсіздігі мен денсаулығына назар аудару қажеттілігін көрсетті.

Ақпарат ORDA.KZ сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или