«Малсың». Ермахан Ибрайымовты желі қолданушылары ренжітті

«Малсың». Ермахан Ибрайымовты желі қолданушылары ренжітті
04.05.2025 09:25
0
193
Фото: ҰОК

Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрайымов TikTok желісіндегі тікелей эфирге шығамын басы дауға қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Ардагер спортшы желі қолданушыларының тікелей эфир кезінде жазған сұрақтарына жауап беріп отырған. Олардың арасында дөрекі сөздер жазғандар да бар. Тіпті, Абылай есімді қолданушы атақты спортшыға «Малсың» деп жазған. Бұған ол шамданып қалды.

Маған бұлай жазған өзің малсың. Олимпиада чемпионына мұндайды айтуға қалай аузың барады?! Бұл сөзді көзіме тура қарап отырып айта аласың ба? Жоқ, телефонның ар жағында отырып алып неше түрліні жаза беруге болады. Мені білмейсің, танымайсың, сөйте тұра ойыңа келгенді жазасың. Менімен бір рет қана араласып, сөйлесіп көрген адам басқаша сөйлейді. Миллиондаған қазақ «Ермахан, жарайсың, батырсың» десе, ал диван батырлары аузына келгенін сөйлейді, - деп ренжіді Олимпиада чемпионы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий