Маңғыстауда бұрғылау мұнарасы құлады
807
Маңғыстауда бұрғылау мұнарасы құлады
9 шілде күні Маңғыстау облысындағы Теңге мұнай кен орнында бұрғылау мұнарасының құлау дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ресми түрде хабарлады.
Ведомство мәліметінше, апат "Petro МұнайГазСервис" компаниясы мұнараны көлденең күйге келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде орын алған. Компания бұл жұмыстарды мердігер ретінде атқарған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өндірістік қауіпті нысанды пайдаланушы мекеменің жанынан арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.
Абырой болғанда, мұнараның құлауынан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиға орнында қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...