Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау облысында жол жөндеу жұмыстары кезінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жетібай – Ақтау автожолында болған жол апатынан екі адам көз жұмды.
Оқиға 9 қыркүйекте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жолда бір КамАЗ екінші жүк көлігін сүйреп келе жатқан. Сол сәтте олар жолда тұрған «Газельді» айналып өтпек болған. Маневр жасау кезінде сүйретіліп келе жатқан КамАЗ «Газельге» соғылған.
Қатты соққыдан «Газель» жол жиегіндегі қоршауға қарай ығысқан. Көлік пен қоршаудың арасында болған екі жұмысшы қысылып қалған. Екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апатқа қатысы бар көліктер арнайы тұраққа қойылған.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.10.2026
21:35
Төрт қазақстандық боксшы U19 әлем чемпионатының...
26.10.2026
20:15
Таиландтың Пхукет аралында толассыз жауыннан ке...
26.10.2026
19:37
Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірімнің ая...
26.10.2026
18:50
Павлодардағы перинаталдық орталық шала туған нә...
26.10.2026
17:22
«Жұмыс кезінде тоқ соқты»: Алматыдағы құрылыста...
26.10.2026
16:43
Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандық қыздың ісі ...