«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы 32 млрд теңге айыппұл арқалады

Маңғыстау облыстық прокуратурасы АО «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының қызметінде ауыр экологиялық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Прокуратураның мәліметінше, компания белгіленген лимиттерсіз ағынды суларды жер қойнауына төгіп, бұрғылау қалдықтарын жинақтаған.
2024 жылғы 4 желтоқсанда Маңғыстау облысының соты компанияны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартып, 31 млрд теңге айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, прокуратура мұнайды қыздыру пештерінен атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс шығарындыларын анықтады. Осы бұзушылыққа байланысты 2024 жылғы 11 желтоқсанда сот компанияға 1,2 млрд теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды.
Осылайша, «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына салынған жалпы айыппұл сомасы 32,2 млрд теңгені құрады.
Соңғы жаңалықтар




